Павлодарда полицейлердің көлігіне түкірген тұрғын жазаланды

0
631

​Сот қала тұрғынын әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлімі бойынша айыпты деп таныды.


Павлодарда полицейлердің көлігіне түкірген тұрғын жазаланды

ERNUR.KZ. Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында полицейлерді балағаттап, олардың қызметтік көлігіне түкірген тұрғынға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп жазады sputniknews.kz.

"2020 жылдың 27 тамызында сағат 21:00 шамасында Я. есімді азамат балағат сөздер айтып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің көлігіне түкірген және бұл қылығын видеоға түсірген. Ол қоғамдық тәртіпті және өзге азаматтардың тыныштығын бұзды, осылайша үсақ бұзақылыққа жол берді", - делінген соттың қаулысында.

Сотта ол кінәсін мойындады, бұл әрекетін мас күйде жасағанын айтты.

Сот қала тұрғынын әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлімі (Ұсақ бұзақылық) бойынша айыпты деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын кесті. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.