​Павлодарда теміржол билеттерін заңсыз сату жағдайы анықталды

0
2 147

Бірқатар қызметкерлер жауапқа тартылды.


​Павлодарда теміржол билеттерін заңсыз сату жағдайы анықталды

ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінде теміржол тасымалдары саласындағы жемқорлықпен күрес жүргізетін жобалық топ құрылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Шілде айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы қызметіне мониторинг жүргізу кезінде жолаушылар тасымалының павлодарлық бөлімшесінде «құпия сатып алушы» әдісі арқылы жолаушыларды заңсыз тасымалдау фактісі анықталған. Арнайы мониторинг жүргізу тобының мүшелері, қоғам өкілдері Павлодар-Алматы бағытындағы жол жүру билеттерінің заңсыз сатылғанын анықтады. Билеттің құны 12 500 теңгені құраған, бірақ кассада артық билет болған жоқ. «ҚТЖ» АҚ қызметкерлері құпия сатып алушыға билетсіз жол жүріп, ол үшін 20 мың теңге сұрады», - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінен.

Осыған ұқсас фактілер елдің басқа аймақтарында да болған, деп қосып өтті ведомство. Мониторинг қорытындылары бойынша, бірқатар қызметкерлер жауапқа тартылды.