Павлодарда ток соққан жасөспірім көз жұмды

0
379

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Павлодарда ток соққан жасөспірім көз жұмды

ERNUR.KZ. Павлодарда ток соққан жасөспірім көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қайғылы оқиға 12 сәуір күні Мойылды ауылында болды.

«Мекенжайға жеткен дәрігерлер 40 минут реанимациялық іс-шаралар жасаған, алайда 2007 жылы туған жасөспірімді құтқара алмады»,– Облыстық жедел жәрдем станциясында.

Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«12 сәуірде сағат 19:00 шамасында Мойылды ауылында Ұлы Дала көшесінде орналасқан төртінші трансформаторлық қосалқы станцияда қайғылы жағдай болды. 17 жастағы бала электр тогы соғып, көз жұмды,– деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жасөспірім Павлодарда тұрған, алайда сол күні әжесінің үйінде қонақта жүрген.

Облысты полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындалғанын және оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатынын мәлімдеді.