Ауруханаға 15, 11, 5 және 2 жасар бала жеткізілген.
ERNUR.KZ. Павлодарда пеш дұрыс жұмыс істемегендіктен, төрт бала уланып, ауруханаға түсті, деп жазады stan.kz.
Дәрігерлердің мәліметінше ауруханаға 15, 11, 5 және 2 жасар бала жеткізілген.
"Төрт бала облыстық балалар ауруханасының соматика бөліміне "улы газдың орта деңгейдегі уытты әсер" диагнозы мен жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың жағдайы тұрақты, ем қабылдап жатыр", – деді Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
Балалардың анасы пеш дұрыс жанбағандықтан, үйді түтін жайлағанын айтқан.