Павлодарда жаппай сатылым өткізген дүкен иесі әкімшілік жауапқа тартылды

0
791

Дүкен иесі жаппай сатылым жүргізіп, киім-кешекті 500 теңгеден сатқан.


Павлодарда жаппай сатылым өткізген дүкен иесі әкімшілік жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Павлодардағы дүкендердің бірінде жаппай сатылым болып, ұзын-сонар кезек жиналған. Видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Кейіннен бұл видеоның Павлодарда түсірілгені белгілі болды. Дүкен иесі жаппай сатылым жүргізіп, киім-кешекті 500 теңгеден сатқан. Арзан бағаға қызыққан жұрттың көптеп кезекке тұрған.
Сәйкесінше ешқандай карантин шектеулері сақталмаған. Видео жергілікті басқармалардың қолына түскен. Жаппай сатылым ұйымдастырған дүкен иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Кінәсе дәлелденсе кәсіпкер 640 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

"Бұл бейнежазбаны көріп, бірден оқиға орнына тәртіп сақшыларын жібердік. Фото, видео дәлел тіркелді. Дүкен иесіне карантин талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды", - дейді Павдлодар қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Александр Сафяников.