Павлодардың жаңа әкімі WhatsApp нөмірін жариялады

0
546

Өңір басшысы бұл туралы ол өзінің жеке Instagram парақшасында хабарлады.


Павлодардың жаңа әкімі WhatsApp нөмірін жариялады

Павлодардың жаңа әкімі Ержан Иманслям әлеуметтік желіде өзінің WhatsApp нөмірін жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Халық үніне құлақ асатын мемлекет - бұл халықтың мәселелері мен сауалдарына жедел жауап беретін билік.

Осы бір жарым апта ішінде мен әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы жүзден астам өтініш алдым. Олардың кейбіреулері бірден шешімін тапты, кейбірі мұқият қарауды талап етеді", - деп жазды әкім.

Ол сондай ақ, Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайтында «Онлайн-қабылдау» сервисі жұмыс істейтінін, онда адамдар өздерін толғандырған сұрақтарды тікелей қоя алатынын айтты.

"Біздің диалог одан да нәтижелі болу үшін мен бүгіннен бастап жеке ватсап нөмірімді іске қосамын: +7 778 598 4948, - деп атап өтті Ержан Иманслям.




Айта кетейік, Павлодарда жаңа әкім 27 шілдеде тағайындалды.