Павлодарға Ресейден заңсыз әкелініп жатқан ұшақ анықталды

0
472

Тасымалдаушы екі орындық жеңіл моторлы әуе техникасын Ресейден рұқсат құжаттарынсыз шығаруға тырысқан.


Павлодарға Ресейден заңсыз әкелініп жатқан ұшақ анықталды

ERNUR.KZ. Тасымалдаушы кеденшілерге тауарды әкету үшін қажетті құжаттарды бере алмады, деп жазады pavlodarnews.kz.

Сібір кеден басқармасының мәліметінше, Омбы кеденшілері жеңіл моторлы ұшақты Қазақстанға заңсыз әкетудің жолын кескен. Тасымалдаушы екі орындық жеңіл моторлы әуе техникасын Ресейден рұқсат құжаттарынсыз шығаруға тырысқан.

– Кеденнің мобильді тобы Ольховка өткізу пункті аймағында фургонды тексеруге тоқтатқанда заң бұзушылықты анықтады. Тіркемеде ресейлік шағын авиациялық әуе кемесі табылды. Павлодарға жеткізуді жоспарлаған ұшақтың салмағы – 300 келі, құны – 3,4 миллион рубль, – деп жазылған хабарламада.

Анықталған бұзушылыққа байланысты ұшақты әкетуге тыйым салынды. Тауары бар көлік Ресей Федерациясына қайтарылды.

Айта кетейік, 2023 жылдың 1 тоқсанында Сібір кедендерінің мобильді топтары шетелге әкетуге тыйым салынған немесе шектелген 86 тауар партиясын ұстап, Ресейге қайтарып берген. Бұл – жабдықтар, қосалқы бөлшектер, көлік және техника.