Павлодарлық тұрғын көлігімен бірге өртеніп кетті

0
969

Үй ауласында тұрған ВАЗ-2190 көлігі толығымен жалынға оранған.


Павлодарлық тұрғын көлігімен бірге өртеніп кетті

ERNUR.KZ Оқиға Л.Толстой көшесіндегі көпқабатты үй ауласында болған, деп жазады BAQ.KZ.



«Лада Гранта» жеңіл көлігі таң алдында өртенген. Өрт сөндірушілер машинаның жанынан жас жігіттің өртенген денесін тапқан.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметіне 2 ақпан күні таңертеңгі сағат 5.31-де жеңіл машинаның өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Үй ауласында тұрған ВАЗ-2190 көлігі толығымен жалынға оранған.

Құтқарушылар өртті сөндіру барысында машинаның жанынан өртеніп кеткен жігіттің мүрдесін тапты. 2001 жылы туған азаматтың өлім себебі анықталуда. Жалын сағат 5.48-де толықтай жойылған, себеп-салдары анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 5 қызметкері мен бір техника жұмылдырылған деп хабарлады ведомстводан.