Педагогтарды аттестациялауда Lesson Study және Action research әдістері талап етілмейді

0
648

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.


Педагогтарды аттестациялауда Lesson Study және Action research әдістері талап етілмейді

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің мәліметі бойынша, мектеп директорлары мұғалімдерді Lesson Study әдістемесі бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуге және іс-тәжірибеде инновациялық Action research әдістерін қолдануға мәжбүр етпеуі керек, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Заңнаманың жаңа талаптарына сай, 2023 жылдан бастап мұғалімдер үш жылда бір рет кесте бойынша тегін біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Курс сертификаттары аттестациялау кезінде ескеріледі. Сондықтан Lesson Study әдістемесіне сәйкес жеке біліктілікті арттыру курстарының қосымша сертификаттары және аттестациядан өткен кезде Action Research әдісін қолдану талап етілмейді.

Lesson study – сабақты зерттеу. Бұл жерде мұғалімдер бірлесіп сабақ өткізуге, жоспарлауға және бір-бірінің сабағын бақылап, талдауға мүмкіндігі бар. Мұғалімдер бірлесе жұмыс жасап, оқушыларға берілетін тапсырмаларды талқылай алады. Әдістеме ұжымда педагогикалық рефлексияны дамытуға үлес қосады. Бұл- білім сапасын арттыруға, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәдениетін жақсартуға көмектесетін тәсіл. Алайда, мұғалімдер өз тәжірибесінде бұл әдістерді өз қалауы бойынша қолдана алатынын ескерген жөн.