Педагогтарды аттестаттау ережелеріне өзгерістер енгізілді – БҒМ

0
595

Сонымен қатар білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау механизмі енгізілді.


Педагогтарды аттестаттау ережелеріне өзгерістер енгізілді – БҒМ

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова педагогтарды аттестаттау ережелеріне өзгерістер енгізілгенін айтты, деп жазады baq.kz.

Республика бойынша 366 мыңнан астам педагог қызмет етеді. Олардың ішінде зейнеткерлік жастағы педагогтар саны 9 000-нан астам, зейнеткерлік жасқа жақын педагогтар саны 6 600. Бейіндік білімі жоқ педагогтар саны 8 000-нан астам және қазіргі күні 3 733 педагогқа қажеттілік бар, - деп атап өтті ол.

Комитет төрағасы баяндағандай, педагогтарды аттестаттау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Ұлттық біліктілік тестілеу бойынша тест тапсырмалары қайта қарастырылып жатыр. Білім беру ұйымдарына педагогтарды қабылдау конкурс арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау механизмі енгізілді.

1 қыркүйектен бастап педагогтар тапшылығы байқалатын және білім сапасында айтарлықтай алшақтық анықталған өңірлерде үздік педагогтар мен ЖОО-ның үздік түлектерін тарту мақсатында арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Дарынды балалар тәрбиелеген педагогтар мен жаттықтырушыларды моральдық және материалдық жағынан көтермелеуге бағытталған заңнамалық өзгерістер енгізу көзделген. Кадрлар әлеуетін арттыру үшін біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын жаңарту және педагогтар мен әдіскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарау, пән мұғалімдерін қайта қарау шаралары қарастырылады, - деп түсіндірді Гүлмира Кәрімова.