Петропавл мектебіндегі жағдайдан кейін балабақшалар да тексеріледі

0
577

Қазақстанда барлық мектепке дейінгі ұйымның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеріледі.


Петропавл мектебіндегі жағдайдан кейін балабақшалар да тексеріледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Ол министрдің бұйрығында бейнекамералардың моделіне дейін талаптар қойылғанын атап өтті. Алайда, айтуынша, ұйымдардың бәрі бірдей бұл талаптарды сақтай бермейді.
"Мектепке дейінгі ұйымда істейтін әрбір адам бұл оқиғадан (Петропавл мектебіндегі төтенше жағдай - Sputnik) сабақ алатыны сөзсіз. Бақылауға тоқталсақ, біздің тарапымыздан мектепке дейінгі барлық ұйымды қауіпсіздік ережелеріне сәйкестігін тағы бір мәрте тексеру бойынша шаралар пысықталып жатыр", - деді Жұмаділдаева орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бейнекамералары немесе басқа қорғаныс құралдары жоқ балабақшалар анықталса, жергілікті атқарушы органдармен және кәсіпкерлер палатасымен тиісті шаралар қабылданады.

Петропавл мектебіндегі жағдай

13 ақпан күні Петропавл қаласының 4 орта мектебінде 9-сынып оқушысы мектепке балтамен келіп, үш баланы жарақаттады.
Ол психиатриялық есепте тұрған. Жасөспірім ұсталды. Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.