​Петропавлда 15 жасар қыз көпқабатты үйден құлады

0
515

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүріп жатыр.


​Петропавлда 15 жасар қыз көпқабатты үйден құлады

Петропавлда өткен жұма күні көпқабатты үйдің шатырынан жасөспірім қыз құлап, аман қалды. Алайда жағдайы ауыр, деп жазады КТК арнасы.


Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға жайында 102 жедел арнасына хабарлама түсісімен-ақ, полицейлер оқиға орнына жетті. Жарақат алған қыз медициналық мекемеге жеткізілді.


Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүріп жатыр. СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімнің жағдайы бірқалыпты нашар, дәрігерлер баланы дәрімен ұйқыға жіберді. Өкпесіне жасанды желдету аппараты қосылған.


Биіктен құлаған кезде баланың миына зақым келген, сондай-ақ травматикалық пневмоторакс алған.