Петропавлда 9 және 13 жастағы қыздар педофилдердің құрбаны болды

0
714

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Петропавлда 9 және 13 жастағы қыздар педофилдердің құрбаны болды

ERNUR.KZ. Петропавлда кәмелетке толмаған 9 және 13 жастағы екі қыз педофилдердің құрбаны болды. Қаскөйлердің бірі қолға түссе, екіншісі бостандықта жүр, деп жазады Stan.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы ПД мәліметінше, 3 тамыз күні 9 жастағы балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен облыс орталығының бұрын сотталған тұрғыны ұсталды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

“Аталған факті "Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр”, – делінген ПД хабарламасында.

Ал екінші оқиға кеше болған. Петропавлда WhatsApp желісіндегі ата-аналар чаттарында кешке қарай педофилдің жас қызды зорлағандығы жайында ескерткен жазбалар тарады. Қала тұрғындарының айтуынша, оқиға Петропавлдағы Мещан орманында, тубдиспансердің маңында болған. 13 жастағы қызға зорлық жасаған ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Полицейлер бұл оқиғаны да растады.

“Факті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаны анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді ПД өкілдері.

Бұл қылмыстар СҚО ПД-нің және облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауына алынған.