Қаңқасы қалған мәйітті "Петропавл жылу желілері" компаниясының мамандары тапқан.
ERNUR.KZ. Петропавл қаласында жылу су құбырлары түйісетін бетон камерасында адам қаңқасы табылды, деп жазады sputnik.kz.
Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, жылу камерасы Амангелді және Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан. Қаңқасы қалған мәйітті "Петропавл жылу желілері" компаниясының мамандары тапқан.
"Зорлық-зомбылық белгілері анықталмады", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптама өткізіледі.