Петропавлда үйсіз жандар түнеу бөлімшесіне жеткізілуде

0
1 111

Тәртіп сақшылары көше кезіп жүрген қаңғыбастарды қала бойынша іздеп, түнеу бөлімшесіне жеткізеді.


Петропавлда үйсіз жандар түнеу бөлімшесіне жеткізілуде

ERNUR.KZ. Петропавлдық полицейлер үскірік аязда тұрақты мекенжайы жоқ жандарға пана болды, деп жазады 24.kz.

Тәртіп сақшылары көше кезіп жүрген қаңғыбастарды қала бойынша іздеп, түнеу бөлімшесіне жеткізеді. Күніне мұнда 20-25 адам жайғасып, күн жылығанша осында болады. Уақытша тұру орнында оларға ыстық тағам беріледі. Сонымен қатар дәрігерлер қарайды. Қазір аймақта күн суытып, аяз күшейді. Синоптиктердің болжамынша, бейсенбі, жұма күндері ауа температурасы40-42 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Бұл ретте құқық қорғау қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшіп, тұрғындарға ескерту хабарламаларын жіберді.

Айдын Байматов, облыстық ПД ЖПҚ бастығының м. а.: - ЖПБ қызметкерлерімен осы қаланың ішінен іздеп, құбырлардан, көшелерден сол адамдарды әкеліп, осында қондырамыз. Бұлар суықта күн бойы осында болады. Осы 4 жылдың ішінде осы ашылған кезден бастап адамдардың суықтан үсу фактілері тіркелмеді.