Петропавлға келіп жоғалып кеткен ресейлік азаматқа іздеу жарияланды

0
687

Александр Киржа Ресейдің азаматы, 1998 жылы туған.


Петропавлға келіп жоғалып кеткен ресейлік азаматқа іздеу жарияланды

ERNUR.KZ. Ресейден 12 тамыз күні Петропавлға келіп, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен Александр Киржаға іздеу жарияланды, деп жазады ulysmedia.kz.

Волонтерлер таратқан ақпаратқа сүйенсек, Александр Викторович Киржа 11 тамыз күні «Петухово» теміржол станциясы арқылы Қазақстанға өткен. Пойызбен Петропавлға келіп, хабарсыз кеткен.

Александр Киржа Ресейдің азаматы, 1998 жылы туған.

Бойы 194 см, шашы қара, қой көзді.

Сол күні үстінде қызыл футболка, көк шорты, қара былғары аяқ киім және қолында қара рюкзагы болған.

Жігітті көрген-білгендер болса 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.