Пиротехникалық өнім сататындар тексеріледі - министрлік

0
2 003

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сату және оны адамдар көп жиналатын жерлерде пайдалануға жол бермеу бойынша тексерулер жүргізіледі.


Пиротехникалық өнім сататындар тексеріледі - министрлік

ERNUR.KZ. Сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сататындар тексеріледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мереке қарсаңында Ішкі істер министрлігі тұрғындарға өз мүліктеріне мұқият болуға, карантиндік іс-шаралар мен денсаулық сақтау ұйымдарының ұсыныстарын ұстануға кеңес береді. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады», - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сату және оны адамдар көп жиналатын жерлерде пайдалануға жол бермеу бойынша тексерулер жүргізіледі.

«Сондай-ақ полицейлер пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды», - деді Нұрділдә Ораз