Пластикалық ота жасатқан Қазақстан азаматшасы көз жұмды

0
1 527

Денесінен артық майларын алдыртпақ болған Қазақстанның 39 жастағы азаматшасы отадан соң қайтыс болды.


Пластикалық ота жасатқан Қазақстан азаматшасы көз жұмды

ERNUR.KZ Қайғылы жағдай Саратовтағы халықаралық талаптарға сай келетін жеке меншік клиникада болған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz cайты.

Мәліметтер бойынша, денеден майды сорып алу отасы жүргізілген клиника TerraSomnia деп аталады. 39 жастағы әйел отадан кейін жансақтау бөліміне түсіп, көп қаннан жоғалтқаннан көз жұмған. Аталмыш клиника тәжірибесіндегі алғашқы өлім емес екен. 2017 жылы ота кезінде Саратовтағы Chelsea фитнес-клубының иесі қайтыс болыпты. РИА Новости тілшісі прокуратура мен тергеу органдары тексеру жұмыстарын бастағанын хабарлады. Саратов облысының прокуратура өкілдері екі жылда екі науқас қайтыс болған клиниканың қызметін тоқтата тұруға талап ететінін жоққа шығармады.