Пойызда баласын ұрып-соққан жолаушыға үш айып тағылды

0
497

Ішіп алған ана қызын ұрып-соғып, екі кішкентай баласына айғайлаған.


Пойызда баласын ұрып-соққан жолаушыға үш айып тағылды

ERNUR.KZ. 3 қарашада Қарағандыдан Самараға кетіп бара жатқан пойызда қызын ұрып-соққан жолаушыға үш айып тағылды, деп жазады stan.kz.

Telegram-дағы Egov.press арнасында шыққан видеоның авторы жолаушы ішіп алғанын айтады.

“Ішіп алған ана қызын ұрып-соғып, екі кішкентай баласына айғайлап жатты. Қыз бала еңіреп шешесін пойыздан түсіріп жіберуді өтінді”, — дейді оқиғаға куә болған жолаушылар.

Көліктегі полиция департаменті жолаушы кім екенін анықтап, үш айып таққан: қоғамдық жерде алкоголь ішу, ұсақ бұзақылық және кәмәлет жасына толмағандарды тәрбиелеуге қатысты міндетті орындамау.

Іс Астана сотына жіберілген.