Полицейдің бетінен тырнаған келіншек сотталды

0
1 385

1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды


Полицейдің бетінен тырнаған келіншек сотталды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысы Қазалы аудандық соты мас күйде полиция қызметкерінің бетін тырнаған азаматшаға қатысты үкім шығарды деп жазады ҚазАқпарат.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға былайша өрбіген. Мас күйдегі азаматша Р-ны Қазалы стансасының Желілік ішкі істер бөлімшесінің патрульдік полиция қызметкері тоқтатады. Әйел болса полиция қызметкеріне бағынбай қарсылық көрсетеді. Тәртіп сақшысының бетін тырнап алады.

«Сот отырысында сотталушы өзіне тағылған айып бойынша кінәсін ішінара мойындады. Ол ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - делінген аудандық сот таратқан хабарламада.