Полицейлер Қазақстан тасжолдарындағы жағдайды көрсетті

0
575

10-13 желтоқсан аралығында жабық жол учаскелеріндегі 1100 автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетілген.


Полицейлер Қазақстан тасжолдарындағы жағдайды көрсетті

ERNUR.KZ. Полиция мәліметінше, еліміздің 12 облысында халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың 100-ден аса учаскесі жабылды. Оларда 500-ден аса жылыту пункті жұмыс істейді, деп жазады tengrinews.kz.

10-13 желтоқсан аралығында жабық жол учаскелеріндегі 1100 автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетілген. Жылыту орталықтарына 1012 адам, оның ішінде 25 бала эвакуацияланды. Ешқандай ауыр оқиға тіркелген жоқ, зардап шеккендер жоқ.

Полицейлер негізінен қатып қалған жанармайды жылытуға, көліктердің бұзылған жерлерін жөндеуге, жылу пункттеріне эвакуациялауға, нашар көріну жағдайында көліктерге жол көрсетуге көмектесті.

Барлық патрульдік бригадада медициналық заттар бар және полиция қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына ие.

Маңғыстау облысында көктайғақтан бөлек екпінді жел соқты.

Ал бұл - Жетісу облысы.