Полицейлер мейрамда тыныштықты бұзғандардың жауапқа тартылатынын ескертті

0
919

Шерушілер жүріп өтетін көшелер бетон құрылғылармен жабылады.


Полицейлер мейрамда тыныштықты бұзғандардың жауапқа тартылатынын ескертті

ERNUR.KZ. Алматылық полицейлер бүгіннен бастап күшейтілген тәртіппен жұмысқа кірісті. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы шара мамырдың 9-на дейін жалғасады. Тәртіп сақшылары жеңіс күні өтетін «Мәңгілік даңқ» шеруі кезінде де қоғамның тыныштығын қатаң қадағалаймыз дейді, деп жазады ktk.kz.

"Жуырда ғана қаламыздағы ардагерлер кеңестерінің өтініштері келіп түскен болатын. Яғни, осы мерекелерді атап өту кезінде қоғамдық қауіпсіздікті күшейту жөнінде. Сол шараларға қатысатын адамдардың бостандығы мен құқықтарын сақтау мақсатында барлық шаралар қолға алынатын болады" - дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полицейлердің айтуынша, жеңіс күні ұйымдастырылатын мерекелік шара барысында лаңкестікке қарсы әрекеттер де жасалады. Мысалы, 2016 жылы Францияның Ницца қаласында жүк көлікпен нөпір халықты таптап өткен болатын. Содан бері бірқатар мемлекеттерде лаңкестікке тосқауыл қою мақсатында шерушілер жүріп өтетін көшелер бетон құрылғылармен жабылады. Айта кетейік, жеңіс күніне арналған «Мәңгілік даңқ» шеруі Алматыдағы Астана алаңынан басталып, 28 Панфиловшылар саябағында аяқталады. Ал, полицейлер қоғамның тыныштығын бұзғандар жауапқа тартылатынын ескертеді.