Полицейлер суицид жасамақ болған қызды аман алып қалды

0
1 222

​Алматы қаласында жол патрульдік полициясы қызметкерлері суицидтың алдын алды, деп хабарлайды zakon.kz.


Полицейлер суицид жасамақ болған қызды аман алып қалды

фото: иллюстрациялық

Алматы қаласында жол патрульдік полициясы қызметкерлері суицидтың алдын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға 25 наурызда таңғы сағат 4-тің кезінде Түркісіб ауданында орын алған. Жас қыз Қапшағай көпірінен секірмек болған. Полиция қызметкерлері Дәурен Райымбеков пен Жақсылық Сұлтан жақын маңда болып, қайғылы оқиғаның алдын алды.

Алматы қаласының Ішкі Істер Департаменті баспасөз қызметі болған оқиғаны растады. Жұмыс уақытында жол патрульдік полициясының қызметкерлері көпірден құлағалы тұрған қызды көрген. Полиция қызметкері дер кезінде қызды ұстап қалған, сол кезде қыз бен полиция қызметкері бірге құлап кете жаздаған. Оларды екінші қызметкер ұстап қалған.

кей деректерге қарағанда оқиға орнына жақын маңда қыздың әпкесі болған және ол туысын не себепті тоқтатпағаны белгісіз.

Ал, бойжеткенді мұндай қадамға не итермелегені, және сол кезде қыздың қандай жағдайда болғаны тексеріліп жатыр.