​Полиция қызметкерлері баспаналы болды

0
1 508

Қазақстан полициясы күніне орай Атырау облысында 30 полиция қызметкеріне пәтер кілттері табыс етілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Полиция қызметкерлері баспаналы болды

Қазақстан полициясы күніне орай Атырау облысында 30 полиция қызметкеріне пәтер кілттері табыс етілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қаладағы бас алаңда өткен салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сөз сөйлеп, тәртіп сақшыларының өңірдегі қылмыстық ахуалды тұрақтандырудағы еңбегін жоғары бағалады. Сонымен бірге облысқа кірме күре жолдарда құрылысы жүріп жатқан 4 полиция бекетінің маңыздылығына тоқталып, қоғамдық тәртіпті бақылау кешенді жүргізілуі тиістігін тапсырды. Мерекелік лебізін қорытындылаған өңір басшысы қызметтегі шыққан әр полицейдің отбасына аман оралуына тілектестік білдірді. Бұдан кейін 5 полицейдің отбасына пәтер кілттерін табыс етті.

ІІД бастығы полиция полковнигі Аян Дүйсембаев құттықтау сөзінде баспанамен қамтуда көп балалы, пәтер кезегін ұзақ жыл күткен, сонымен қатар жалғызбасты ана-әйел қызметкерлердің жағдайы алғашқы кезекте ескерілгенін айтты. Ішкі істер құрылымдарына айрықша көмек көрсетіп келетін облыс басшысына құрмет білдіріп, алдағы уақытта облыс көлемінде пайдалануға берілетін жаңа 34 учаскелік полиция бекеттері тыныштықты қамтамасыз етуге сеп болады деп сендірді. Әзірге Атырау республика бойынша қылмыстың тіркелуі сиреген, ахуалы тұрақты өлкелер қатарында.

«Береке» ықшам ауданынан баспаналы болып, кеуде керген қуаныштан толқығандардың бірі – ІІД көші-қон полициясы басқармасының қызметкері, полиция капитаны Ақмарал Ахметова.

2008 жылы полиция кіші лейтенанты болып қызметін бастаған ол көп жыл пәтер кезегін күткен. Қуаныштан көз жасына ерік берген ол өз баспанасының кілтін алудан артық ынталаныру тетігі жоқ деп біледі.

Жақында ғана шаңырақ көтерген полиция кіші лейтенанты Азамат Сағынғалиевтің жұбайы жолдасының жауапты жұмыста жүргенін ескеріп, біраз қиындыққа бірге төтеп беруге дайын болғанын айтады. «Алайда пәтер алғанымыз күтпеген жаңалық болды», - дейді қуанышын жасыра алмаған жастар.

Мерекелік шара барысында қызметкерге ҚР ІІМ тарапынан жолданған марапаттар тарту етіліп, төсбелгілер тағылды. Кеш соңы ІІД шығармашылық ұжымдарының концетіне ұласты.