Полиция оқушылар толы көліктің жол апатына қатысты түсінік берді

0
1 514

Жасөспірім ағасының көлігін сұраусыз алған.


Полиция оқушылар толы көліктің жол апатына қатысты түсінік берді

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан бір жасөспірім оқиға орнында көз жұмып, түрлі жарақат алған төртеу ауруханаға жеткізілді. Осы оқиғаға қатысты өңірдегі ПД ақпарат таратты, деп жазады zakon.kz.

Белгілі болғандай, жасөспірім ағасының көлігін сұраусыз алған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер балаларға көліктің рөліне отырғызбауды сұрайды.

Қайғылы оқиға 4 наурызда сағат 20:55 шамасында Ақтөбе облысындағы Шалқар-Бозой тас жолының 4-ші шақырымында орын алған. Toyota Land Cruiser-ді тізгіндеген жеткіншек рөлге ие бола алмай, көлік аударылған. Оқиға орнында бір қыз көз жұмып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілген.

Айта кетсек, алдында ауруханадағы оқушылардың жағдайын өңірлік денсаулық сақтау басқармасы баяндап берген болатын.