Полиция зообақта арыстандарды таспен ұрғандарды іздеп тапты

0
1 265

Жануарларды ызаландырған жігіттер он тәулікке дейін қамалуы мүмкін


Полиция зообақта арыстандарды таспен ұрғандарды іздеп тапты

ERNUR.KZ. Қарағанды полицейлері хайуанаттар бағында жануарларды таспен ұрғандарды іздеп тапты. Олар екі арыстан қамалған торға тас лақтырған, деп жазады sputniknews.kz.

Куәгерлер түсірген видео желіде таралып кетті. Роликтен екі ер адамның тордың арасына саусағын тығып, арыстандарды ызаландырғаны көрінеді. Бұзақылар ол үшін тіпті қоршаудан аттап өтуден тайынбапты.


Куәгер Анатолий Хайрутдиновтың айтуынша, арыстан қаншырды соққыдан қорғаған, алайда жануарлар агрессия жасамаған.

Хайуанаттар бағының директоры полицияға арыз жазды.

Бұзақылардың жеке басы анықталды, ер адамдар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылардың бірі – 28, екіншісі – 23 жаста, ол Шымкент қаласының тұрғыны, қазіргі уақытта Қарағандыдан шығып кеткен. Бірақ туған қаласына келгенде ол 10 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК – 2525 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 10 күнге дейін қамауға алынады.

Қарағанды хайуанаттар бағы – 1938 жылы ашылған Қазақстандағы ең көне орындардың бірі.

Еске салайық, зообақта арыстанның ашуын келтіргендердің іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.