​Полицияға пара берген тұрғынның басы бәлеге қалды

0
1 514

Енді пара беруші бірден екі түрлі жауапкершілікке тартылады.


​Полицияға пара берген тұрғынның басы бәлеге қалды

ERNUR.KZ. Жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткен Аягөз ауданының тұрғыны айыппұлдан құтылмақ болып, көші-қон полициясының қызметкеріне 10 мың теңге пара беріпті, деп жазады Алтайньюс.

Оқиға былай өрбіген екен. Ауданға қарасты ауылдардың бірінде тұратын 45 жастағы ер адам құжатын ауыстыру үшін көші-қон қызметіне келеді. Жаңа куәлік алу кезінде полиция капитаны құжатты ауыстыру мерзімінің өтіп кеткенін анықтайды. Ал қызмет алушы әкімшілік жауапкершіліктен жалтару мақсатында оған 10 мың теңге пара бермек болады.

Алайда полиция қызметкері бұл ақшаны алмай, пара беру фактісі бойынша оның үстінен арыз жазған екен.

Енді пара беруші бірден екі түрлі жауапкершілікке тартылады – полиция қызметкеріне қызметтік міндетін атқару кезінде пара бергені үшін қылмыстық жауапкершіліке, және жеке куәлігінің мерзімін өткізіп алғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке.