Премьер-Министрдің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынады

0
440

Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы өтіп жатыр.


Премьер-Министрдің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында Премьер-Министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен «Amanat» партиясы ұсынатынын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мен Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте, саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі», - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл тәсіл «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сай келеді.

«Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға тиіс. Болашақта Үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн. Ол үшін саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынамын. Сондай-ақ, өкілді және атқарушы биліктің қарым-қатынасы жаңаша сипатқа ие болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы өтіп жатыр.