Telegram-каналдардың бірі Әлихан Смайылов бағасы $5000-8000 аралығында тұратын Cartie Tank сағатын тағады деп жазған еді.
ERNUR.KZ. Үкімет басшысының кеңсесі Әлихан Смайылов тағып жүрген қол сағаттың бағасын жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін журналист Михаил Козачков премьер-министрдің фотосын жариялап, қолындағы сағаттың маркасы "Cartier Tank" деп жазған. Оның сөзіне қарағанда, ондай сағаттың бағасы 5 мың доллардан 8 мыңға дейін (от 2,1 - 3,4 млн теңге) барады.
Премьер-министрдің кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Желдібайдың айтуынша, үкімет басшысы тағып жүрген сағаттың бағасы, шамамен, 164 мың теңгені құрайды.
"Кеше Telegram-каналдардың бірінде Әлихан Асқанұлы бағасы $5000-8000 аралығында тұратын Cartie Tank сағатын тағады деп жазыпты. Шынтуайтына келгенде, премьер-министрдің фотодағы сағатының моделі Jacques Lemans, бағасы шамамен $383 тұрады. Сөзім дәлелді болу үшін фотоларды да жүктеп отырмын", - деп жазды Желдібай.