Президент 16 наурызда жаңа саяси реформаларды жария етеді

0
605

​Президент Nur Otan әрдайым ел мүддесін қорғайтын, нағыз халықтық партия болып қалуы керек екенін атап өтті.


Президент 16 наурызда жаңа саяси реформаларды жария етеді

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда саяси реформалар пакетін жариялайды, деп жазады sputnik.kz.

"Мен 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынамын. Қазір партиялар арасында бәсеке күшейе түсуде. Осы орайда біз партиямыздың басты саяси күш ретіндегі рөлін сақтауымыз қажет. Бұл өте маңызды міндет", - деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде.
Президент саяси ұйым әрдайым ел мүддесін қорғайтын, нағыз халықтық партия болып қалуы керек екенін атап өтті.
Айта кетері, партияның кезектен тыс съезінде Nur Otan атауын "Аманат" деп өзгерту ұсынылды. Мемлекет басшысы бұл атауды қолдайтынын айтты.