Ғани Нығметов ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Ғани Сақтағанұлы Нығыметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген Өкімде.