"Бір істі бастады ма, соңына дейін жеткізу керек. Жасай алмаса, қолға алмау керек" - Тоқаев.
ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа Көк-Төбе баурайында тасталған алма көшеттері үшін сөгіс айтты, деп жазады Stan.kz.
"Мен Швейцарияда үш жыл жұмыс істеуге мәжбүр болдым. Онда ағаштарды, тіпті бір ағашты заңсыз кесу - ауыр қылмыс, өйткені бұл бүкіл халықтың меншігі. Көк-Төбе баурайына тасталған алма ағашының көшеттері суды ұстап тұрмайды. Осыған байланысты әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа сөгіс беремін. Жақсы іс фарсқа айналды. Бір істі бастады ма, соңына дейін жеткізу керек. Жасай алмаса, қолға алмау керек", - деді Тоқаев.
Айта кетейік, мемлекет басшысы қаланың даму мәселелерін талқылау мақсатында Алматы қаласына іс-сапармен келген болатын.