Президент Қашағанда газ өңдеу зауытын салу жөнінде тапсырма берді

0
547

Мемлекет басшысына ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берілді.


Президент Қашағанда газ өңдеу зауытын салу жөнінде тапсырма берді

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп жазады Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысына ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берілді.

Санжар Жаркешов Қасым-Жомарт Тоқаевқа газ саласын дамытудың кешенді жоспарының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады. Бұл жоспарда ресурс базасын кеңейту, еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту және газ саласын реформалау мәселелері қамтылған. Заңнамаға тиісті өзгерістер жыл аяғына дейін енгізіледі.

Мемлекет басшысы газ саласын дамытудың кешенді жоспарын одан әрі жүзеге асыруды жалғастыру және Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдету жөнінде тапсырма берді.