Орта мерзімді кезеңге арналған дамудың негізгі мақсаттары аталды.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Орташа табыс тұзағынан» құтылу және Қазақстанның табысы жоғары елдер қатарына орнығуы үшін берік институционалдық және әлеуметтік- экономикалық негіздерді қалыптастыру – орта мерзімді кезеңге арналған дамудың негізгі мақсаттары», - делінген құжат мәтінінде.
2029 жылға дейін ұлттық даму жоспары шеңберінде 5 бірізді қағидат айқындалды:
- Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру және тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту үшін бәсекелестікті ырықтандыру әрі ынталандыру;
- Кәсіпкерлікті қорғау және дамыту;
- Сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және кәсіпкерлік пен шығармашылық бастаманы қолдауға баса назар аудара отырып, қазақстандықтардың әлеуетін ашу;
- Инновациялық белсенділікті кеңейту, салалар мен кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыру арқылы экономиканың өнімділігі мен күрделілігін арттыру;
- Өңірлердің дамуында аса үлкен алшақтыққа жол бермеу және өңірлердің өз әлеуетін әрі үлкен экономикалық дербестігін іске асыруы үшін жағдай жасау.