Президент кедендегі былықты реттеуге 10 күн берді

0
599

Бармақ басты, көз қысты әрекеттердің салдарынан Қытай мен Қазақстан арадағы статистикадағы алшақтық 5,7 млрд доллар.


Президент кедендегі былықты реттеуге 10 күн берді

ERNUR.KZ. Қытаймен арадағы шекара бекеттерінде 12 мыңнан астам көлік электронды кезекте тұр, деп жазады 24.kz.

Бұған шүйліккен Президент оларға соншама жеңілдікті құзырлы экономикалық операторлар қалай берді деп сын тезіне алды. Мемлекет басшысы кедендегі былықты ретке келтіруге 10 күн уақыт берді.

Осындай бармақ басты, көз қысты әрекеттердің салдарынан арадағы статистикадағы алшақтық 5,7 млрд доллар. Осы саланың қызметін заң бойынша қатаң реттеуді тапсырды. Ол үшін Президент кеден мен логистика жүйесіне ірі халықаралық компанияларды тарту қажет деп санайды.

Сонда ғана жұмыс барынша ашық болады. Енді Үкімет бұл мәселені пысықтауы тиіс.

Осы категория бойынша: "Ғ.Пірматов: Жыл соңына қарай инфляция дәлізі 6-6,5% шамасында болады Биыл ел экономикасы 4,2%-ке дейін өседі – Ұлттық банк"