Президент көктемгі егістік жұмыстарына қатысты жанжал тууы мүмкін екендігін ескертті

0
1 710

Індет аясында этносаралық қарым-қатынас кейінгі жоспарға сырылып отыр.


Президент көктемгі егістік жұмыстарына қатысты жанжал тууы мүмкін екендігін ескертті

ERNUR.KZ. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура әлеуметтік желілердегі қоғамдық көңіл-күйге мониторинг жүргізуі қажет. Бұл туралы Ақордада Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Індет аясында этносаралық қарым-қатынас кейінгі жоспарға сырылып отыр. Бірақ, бұл алдамшы тыныштық қана. Көктемгі егістік маусымы басталуын ескерсек, жер мәселесіне, суаратын суды бөлу мен пайдалануға байланысты жанжалдар орын алуы ықтимал. Мұндай алғышарттардың барлығын жедел хабарлап отыруды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ретте Мемлекет басшысы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әлеуметтік желілердегі қоғамдық көңіл-күйге мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуге тиісті екендігін баса айтты.