Президент қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына құран бағыштады

0
579

31 мамыр – Қазақстан тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі – миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен алапат ашаршылықты еске алу күні.


Президент қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына құран бағыштады

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы «Хазірет Сұлтан» мешітіне барды, деп жазады Zakon.kz.

Сапардың фотосуретін президенттің баспасөз қызметі жариялады.

Мемлекет басшысы «Хазірет Сұлтан» мешітінде болып, онда қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, еске алу дұғасы оқылды, деп хабарлайды Ақорданың Telegram арнасы.

31 мамыр – Қазақстан тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі – миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен алапат ашаршылықты еске алу күні. 1997 жылдан бері Қазақстанда жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі.