Президент медицина қызметкерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

0
890

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Президент медицина қызметкерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде еңбегі сіңген бірқатар медицина қызметкерлерін арнайы наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін:

Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын.

Исаев Олег Николаевич (марқұм) - Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" МКК бөлімше меңгерушісі.

Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (марқұм) - "Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы" МКК бас дәрігері, Ақтөбе облысы.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.