Президент: Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайтын уақыт емес

0
704

Әлем күрделі кезеңді бастан кешіп жатыр.


Президент: Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайтын уақыт емес

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қойылған жоспарлар мен мақсаттарды айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Келесі жыл - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы, ол экономикалық және саяси реформалар, цифрландыру, адамдардың құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту, экологияны қорғау белгісімен өтуі тиіс. Қазір осы маңызды тарихи күнге орай көптеген салтанатты іс-шара өткізетін уақыт емес, істі ұзақ уақытқа қалдырмай, біз ең қысқа мерзімде нақты нәтижелерге қол жеткізуге міндеттіміз", - деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында.

"Бұл жыл әлі аяқталған жоқ. Бірақ қазірдің өзінде ол бүкіл адамзат тарихында ерекше болды деп айтуға болады. Әлем күрделі кезеңді бастан кешіп жатыр. Коронавирус пандемиясы халықаралық қатынастардағы көптеген проблеманы көрсетті, экономикалық өзара іс-қимылдың белгіленген қағидаларын қайта қарауға әкелді, жаңа әлеуметтік үрдістердің негізін қалады және технологиялық инновацияларды өзектендірді", - деді Тоқаев.