Президент Тоқаев Абай облысының өртсөндірушілерін марапаттады

0
1 285

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Президент Тоқаев Абай облысының өртсөндірушілерін марапаттады

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай ауданындағы өртті сөндіруге қатысқан өртсөндірушілерді "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы" жарлыққа қол қойды, деп жазады Tengrinews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:

Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм) - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі;
Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
"Ерлігі үшін" медалімен:
Нұрлан Сәлімжан - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салайық, өртсөндіруші Айдос Тоғызбаев 7 қыркүйекте Абай ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан болатын.