Президент Тоқаев Мемлекеттік хатшының өкілеттігіне өзгерістер енгізді

0
596

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Президент Тоқаев Мемлекеттік хатшының өкілеттігіне өзгерістер енгізді

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Мемлекеттік хатшысының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізді, деп жазады Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысының 25 қаңтардағы №787 Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттіктерді де жүзеге асырады:

  • ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
  • саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
  • Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;
  • "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы:

  • ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
  • Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламентпен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста және халықаралық қатынастарда оның атынан өкілдік етеді;
  • Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді.
  • қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдау құрылымдарының жұмысын үйлестіреді;
  • Президенттің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.