Президент Тоқаев Nur Otan-ның кезектен тыс съезін шақырды

0
702

Съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады.


Президент Тоқаев Nur Otan-ның кезектен тыс съезін шақырды

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның жауапты хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бүгін Nur Otan партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды", - деп жазды Асхат Оралов.

Оның айтуынша, съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады.