Президент Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді

0
623

ҚР Президенті Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды тез арада қарастыруды тапсырды.


Президент Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Жаңаөзендегі жағдайға қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек", - деп жазды мемлекет басшысы.

Еске салайық, 2 қаңтарда Жаңөзен тұрғындары газ бағасының көтерілуіне байланысты митингке шыққан болатын.