Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында Қазақ жері шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеген болатын.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалдауға біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Парламентке жіберді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Бүгін мен өзімнің Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығымды пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдадым. Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.