Жоғарғы сот судьясы Мейрамбек Таймерденов судья қызметінің шекті жасы - 65-ке келді. Осыған байланысты оны судья қызметінен босату ұсынылды.
ERNUR.KZ. Сенат депутаттары президенттің ұсынысымен жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты, деп жазады sputnik.kz.
Бүгін сенаттың жалпы отырысында жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шип президенттің ұсынысын жариялады. Оған сәйкес, жоғарғы сот судьясы Мейрамбек Таймерденов судья қызметінің шекті жасы - 65-ке келді. Осыған байланысты оны судья қызметінен босату ұсынылды.
Таймерденов сот саласында 19 жылдан астам уақыт қызмет етті. Соның ішінде 4 жыл жоғарғы сот судьясы болды.
Сенаторлар президенттің ұсынысын қолдап, Таймерденовті судья қызметінен босату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.