Президенттен екі ескерту алған Үкіметтегі "үздік студент"

0
1 158

​Бүгін Мәжілісте Қазақстан мен Беларусь үкіметі арасындағы табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы хаттаманы ратификациялау бойынша министр Бақыт Сұлтанов баяндама жасады. Ол осы заң жобасы бойынша депутаттардың сұрағына мүдірместен жауап беріп жатқан кезде мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин оның осы өнеріне тәнті екенін айтып қалды.


Президенттен екі ескерту алған Үкіметтегі

Бүгін Мәжілісте Қазақстан мен Беларусь үкіметі арасындағы табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы хаттаманы ратификациялау бойынша министр Бақыт Сұлтанов баяндама жасады. Ол осы заң жобасы бойынша депутаттардың сұрағына мүдірместен жауап беріп жатқан кезде мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин оның осы өнеріне тәнті екенін айтып қалды.

"Сіздің сұраққа жауап беруіңізге әрдайым тәнті боламын (күледі). Сіз студенттік жылдары үздік студент болған шығарсыз. Сіз емтихан күндері бір аудиториядан кез келген оқытушыға кірген боларсыз. Өйткені барлық сұрақтарға сіздің жауабыңыз әмбебап", — деп әзілдеді Нығматулин.

"Қызыл диплом…", — деп жауап берді оған Сұлтанов.

"Оған ешкім күмән келтірмейді", — деген төрағаның сөзіне депутаттар қосылып күлді.


дереккөз: sputniknews.kz