Президенттік сайлауда екі жүзден астам шетелдік журналист хабар таратады

0
1 124

9 маусымда кезектен тыс Президент сайлауы өтеді.


Президенттік сайлауда екі жүзден астам шетелдік журналист хабар таратады

ERNUR.KZ. Қазақстандағы президенттік сайлауға 227 шетелдік журналист тіркелді, деп жазады Елорда Инфо.

9 маусымға тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауына үш күн қалды. Қазақстан Президентінің сайлауы – әлемдегі үлкен қызығушылық тудыратын мемлекеттің ең басты саяси оқиғаларының бірі.

Жақында шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу процесі аяқталды. Электоралды кезеңде ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу мәселелерінде тиісті жұмыс атқарылды.

«ҚР СІМ әлемнің 40-тан астам елінен 227 шетелдік корреспондентті аккредиттеді (анықтама: 2015 жылы президенттік сайлауға 168 шетелдік БАҚ өкілі тіркелген болатын). Сонымен қатар, Министрлік жанында тұрақты негізде шетелдік БАҚ-тың 121 шетелдік корреспонденті тіркелген. Бұл әлемдік қоғамдастықтың біздің елімізге деген жоғары қызығушылықтың және мемлекеттің саяси және әлеуметтік өміріндегі болып жатқан өзгерістердің айқын көрінісі», - делінген министрліктің хабарламасында.

Шетелдік журналистер сыртқы саяси ведомство берген тұрақты немесе уақытша аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда сайлауды бақылауды жүзеге асыруға құқылы екенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, «Сайлау туралы» Конституциялық заңда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдеріне аккредиттеу туралы куәлікті ұсынған жағдайда аудармашымен ілесіп жүруімен сайлауға қатысуға мүмкіндік беретін норма бекітілген.