Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желілерде екі ресми аккаунты бар.
Қазақстан Президентінің баспасөз-қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желілерде фейк аккауынттарының пайда болғанын айтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Әлеуметтік желілердегі түрлі парақшаларды көрсетіп, менен олардың Мемлекет басшысына қатысы қаншалықты деп жиі сұрайды. Бүгін Instagram-дағы @elbasy-tokayev деген аккаунт туралы сұрақ келіп түсті. Мен ол аккаунттың Қасым-Жомарт Кемелұлына ешқандай қатысы жоғын және оның фейк екенін ресми түрде мәлімдеймін. Сондықтан сол және басқа да аккаунттарда жарияланған ақпараттар ресми болып саналмайды. Қазақстан Президентінің баспасөз-қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желілерде екі ресми аккаунты ғана бар екенін бұған дейін де хабарлаған болатын. Естеріңізге сала кетейін, Президент 2011 жылы Twitter-ге – @TokayevKZ, 2019 жылдың сәуір айынан бастап Instagram-ға – @tokayev_online тіркелген. Осы екі ресми парақшадан басқаларының бәрі – жалған аккаунттар. Қазіргі уақытта ҚР Президенті ресми парақшаларын ашқан әлеуметтік желілер – Twitter мен Instagram әкімшілерінен ресми белгі (верификация) алу үшін жұмыс жүріп жатыр" - деп жазады Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында.