Награда иелеріне Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылады.
сурет:kaztag.info
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын табыстау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын, делінген Қаулыда.
Назарбаевтың наградасы –
- «Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы Бәйменова Құралай Базарбайқызына;
- Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы «Шәушен» ШҚ басшысы Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлына;
- Шымкент қаласындағы «А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі Соловьева Алина Робертовнаға табысталады.
Жарлық мемлекет басшысының қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.