Кеше Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңге қайтарғаны белгілі болды.
ERNUR.KZ. Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарап жатыр, деп жазады baq.kz.
Прокурор сотта Боранбаевты мүлкін тәркілей отырып, оны 6 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызметті атқару құқығынан айыру туралы айтты.
Кеше Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңге қайтарғаны белгілі болды.
Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы былтыр 30 желтоқсанда басталды.
Еске сала кетсек, биыл наурызда Сарыарқа аудандық №2 соты Қайрат Боранбаевты 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кескен еді. Алайда, кейін Астананың сот алқасы Боранбаевқа шыққан сот үкімінің күшін жойды. 29 маусымда Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Боранбаевпен бірге сотталған Тайыр Жанұзақ пен Роман Нахановтың да үкімін өзгертіп, қайта қарау туралы шешім шығарды. Үкім күшінің жойылуына нақты айғақтың болмауы себеп болған.